Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Міне, салт аттылар қос-қостан келе жатыр! Келіп жеткен шабарман мына жаңалықты хабарлады: «Бабыл құлады! Оның халқы табынған жалған тәңірлердің барлық мүсіндері де жерге құлатылып, күл-талқан болды!» Олар: «Моаб ойрандалып, масқара болды. Айқайлап жылаңдар, Арнон өзенінің бойында Моабтың ойрандалғаны туралы жар салыңдар! — дейтін болады. — Екінші ерекше періште оған ілесіп мынаны хабарлады:— Ол құлады: Ұлы Бабыл қаласы құлады! Ол күллі халықтарға өзінің жынды қылатын «азғындығының шарабынан ішкізіп» келді! — Періште қатты дауыспен былай деп жариялады: «Ол құлады! Ұлы Бабыл құлады! Ол жындардың ордасы, әр алуан арам рухтардың ұясы болды. Бұдан былай арам, жексұрын құстардың барлық түрі оған қоныстанбақ. Бабылдың азғындығы мен сән-салтанатты өмір салтына араласқан жер бетінің патшалары оны құртып жатқан өрттің түтінін көргенде жоқтау айтып, еңіреп жылайтын болады. Жер бетіндегі саудагерлер де жылап, оған жоқтау айтады. Себебі енді қайтып олардың тауарларын ешкім сатып алмайтын болады. Олар бастарына күл шашып, өкіріп жылап, былай деп жоқтау айтты:«Қайран қала,Ұлы қалаға қаралы күн туды!Теңіз кемелері барлардың бәріБұл қаланың дәулетімен байыған еді!Оның бір-ақ сағатта талқандалғаны-ай!»
Выбор основного перевода