Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты. Кир патша өзінің қазынашысы Митредатқа тапсырма беріп, ол сол бұйымдарды Яһуда халқының басшысы Шешбасарға тізім бойынша табыстады. Бел тізе бүгіп, Небо да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар — шаршаған көліктерге ауыртпалық. Сонда Исраил келіп, Сион тауында қуаныштан айқай салады. Олар Жаратқан Иенің берген игіліктеріне: астық, жүзім шырыны және зәйтүн майына, ірілі-ұсақты малдарының төлдеріне мәз-мейрам болады. Халқым мол суғарылатын бақ сияқты гүлденіп, енді қайтып қасіреттен түңілмейді. Ұлттардың арасында мына хабарды жар салып, бәріне естіртіңдер; оны белгі беретін жалаудай көтеріп, әркімге де білдіртіңдер! Ештеңесін бүкпей жариялаңдар: «Бабыл жау қолына түседі! Оның тәңірсымағы Бел Меродах масқара болып, үрейге толады. Халық табынған тәңір мүсіндері аяқ асты болып, сындырылады. — Бабыл патшасы Набуходоносор мені жалмап, тұрғындарымды шашыратып, өзімді бос ыдыстай тастай салды. Ол мені айдаһардай жұтып, қарнын байлықтарыммен толтырды, содан кейін мені құсып тастады. Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: Бабылдың қалың қабырғалары жермен-жексен етіліп, биік қақпалары өртеніп кетеді. Осылай көптеген ұлттардың ауыр еңбегі зая кетіп, шаршап-шалдығып істеген жұмыстарының нәтижесін өрт жалмайды.
Выбор основного перевода