Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие жерді ойрандап, құнарсыз қылмақ! Ол жер бетінің күл-талқанын шығарып, тұрғындарын шашыратып жібермек. Бәрінің басына түскен жағдай бірдей болады: не қарапайым халық, не діни қызметкер болсын, не құл-күң, не қожайыны болсын, не сатып алушы, не сатушы болсын, не жалға алушы, не жалға беруші болсын, не қарыз алушы, не қарыз беруші болсын: барлық адамдардың тағдыры бірдей болады. Сонда жер беті түгелдей қаңырап, тоналады. Жаратқан Ие осы сөздерді нық айтты. Исраил арыстандар қуып, шашырап кеткен қой отары сияқты. Оны бірінші жалмаған Ассур патшасы болған еді, ал оның сүйегін кемірген соңғысы — Бабыл патшасы Набуходоносор. Әй, мұқтаждарды аяқасты қылатын, елдің жарлыларын құртатын сендер, мынаны тыңдаңдар:
Выбор основного перевода