Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аспан, мұны істеген Тәңірді әнмен мадақта,Жер, сен де Оны дәріптеп шаттана айқайла,Шуылдап мақтаңдар, таулар, орман ағаштары да:Жаратқан Жақыптың әулетін құтқарып алды,Өз ұлылығын Ол Исраилде жар қылды! Ей, аспан, шаттана шырқап, жер де, қатты қуанып, тау-төбелер де, шуылдап мақтау айтыңдар! Жаратқан Ие өз халқын жұбатып, азап шеккендеріне жаны ашып мейірім танытады. Жебелеріңді ұштап, қорамсақтарыңды толтырыңдар! Жаратқан Ие Мидия патшаларының жүректеріне Бабылға қарсы көтерілуге түрткі салмақ. Ондағы мақсаты — Бабылды толығымен құрту. Осылай Жаратқан Ие Өзінің киелі үйін қиратқан бабылдықтарға лайықты жазаларын тартқызбақ. «Елде жалау көтеріп белгі беріңдер! Халықтардың арасында керней тартып, оларды Бабылға қарсы соғысуға шақырып дайындаңдар! Арарат, Минни, Ашкеназ патшалықтарының жасақтарын да оған қарсы жинаңдар! Шабуылды бастайтын қолбасшы тағайындап, атты әскерді шегірткедей қаптатыңдар! Қуаныңдар, көк және оны мекендегендердің бәрі де! Алайда жер мен теңізде тұратындарға қасірет! Себебі әзәзіл шайтан төменге, сендердің қастарыңа түсті. Ол өз уақытының аз қалғанын білгендіктен қатты ашулы». «Уа, көктегілер, Құдайдың халқы,Елшілері мен пайғамбарлары,Бұған қуанып, шаттаныңдаршы!Құдай оны соттап жазалады,Ал қиналған сендерді ақтады!»
Выбор основного перевода