Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қойыңдар, Мен мидиялықтарды оларға қарсы шабуылға шығарамын. Олар күмісті қадірлемейді, алтынға да құмартпайды. Аттарыңды ерттеп, тұлпарларыңа мініңдер! Дулыға киіп, сапқа тұрыңдар! Найзаларыңды үшкірлеп, сауыттарыңды киіңдер! Өйткені солтүстіктен бір ұлт аттанып келіп, Бабылдың елін ойрандайды. Сонда адам да, мал да одан қашып, Бабылды мекендейтін ешкім қалмайды. Өйткені Мен солтүстік жақтан үлкен халықтардың тобын Бабылға қарсы көтеріп, алып келемін. Солар Бабылға қарсы соғысуға шеп құрып орнығып, оны басып алады. Ал атқан жебелері шайқастан олжасыз оралмайтын тәжірибелі жауынгер сияқты дәл тиетін болады. Тыңдаңдар, Бабыл елінен бас сауғалап қашып келген босқындардың дауыстары естіліп жатыр. Олар Жаратқан Иенің Бабылды қатаңдықпен соттап, Өзінің киелі үйін қиратқаны үшін оған тиісті жазасын тартқызғаны туралы Сион шаһарында айтып жүр. Халықтардың арасында мынаны жариялаңдар: «Соғысқа дайындалып, батырларыңды шақырыңдар! Барлық жасақшыларың аттанып, осында өрлеп келсін! Соқаларыңнан семсер, орақтарыңнан найза жасаңдар! Әлсіздерің «Мен мықтымын!» дейтін болсын.
Выбор основного перевода