Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан жетінші айдың он жетінші күні болғанда, кеме Арарат тауларының үстіне тоқтады. Гомердің ұрпақтары: Ашкеназ, Рифат, Тоғарма. Бірде Сеннахирим Нисрох есімді жалған тәңірінің ғибадатханасында құлшылық етіп тұрған кезде оның ұлдары Адрам-Мәлік пен Сәресер оны семсермен шауып өлтірді. Содан екеуі Арарат еліне қашып кетті. Сеннахиримнің басқа ұлы Асардан әкесінің орнын басып патша болды. Тақыр төбе басына ту көтеріңдер, келетін әскерге айқайлап та, қол бұлғап та белгі беріңдер! Олар Бабылдағы ақсүйектердің қақпаларына басып кірсін. Мен, Жаратқан Ие, бұл жасақшыларды осы мақсатым үшін таңдап алдым. Сол мықты адамдар Менің қаһарлы үкімімді орындайды. Олар салтанатты ұлылығыма шаттанады. Бірде Сеннахирим Нисрох есімді жалған тәңірінің ғибадатханасында құлшылық етіп тұрған кезде оның ұлдары Адрам-Мәлік пен Сәресер оны семсермен шауып өлтірді. Содан екеуі Арарат еліне қашып кетті. Сеннахиримнің өзге ұлы Асардан әкесінің орнын басып патша болды. Яһудада хабарлап, Иерусалимде жариялаңдар, бар күштеріңмен айқайлап, мынаны айтыңдар: «Керней тартып, бүкіл елде дабыл қағыңдар! Бәріне былай деңдер: Жиналыңдар! Бекіністі қалаларға қашып барып бас сауғалайық! Бабылдықтар көп халықтар мен ұлы патшалардың құлдығына түседі. Мен бабылдықтарға жасаған іс-әрекеттеріне сай тиісті жазаларын тартқызамын!» Ұлттардың арасында мына хабарды жар салып, бәріне естіртіңдер; оны белгі беретін жалаудай көтеріп, әркімге де білдіртіңдер! Ештеңесін бүкпей жариялаңдар: «Бабыл жау қолына түседі! Оның тәңірсымағы Бел Меродах масқара болып, үрейге толады. Халық табынған тәңір мүсіндері аяқ асты болып, сындырылады. «Біліп қой, солтүстіктен бір әскер аттанып келеді. Бір үлкен халық пен көп патшалар жер бетінің алыс шеттерінен жылжып келетін болады. Садақ пен найза ұстанған олар қатыгез, аяуды білмейді. Атқа мініп шапқанда дауылды теңіздей гүрілдейді. О, сорлы Бабыл, олар шеп құрып, сені басып алуға келеді! Нөкерлерің көк шегірткелер іспетті, лауазымды адамдарың шегіртке үйірлері сияқты. Салқын күндері олар шарбақтарға қонып отырады да, күн ысығанда ұшып кетеді. Қайда кеткендерін ешкім білмейді.
Выбор основного перевода