Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тоналды батыл жүректі ер адамдар,Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар,Қол көтере алмайды бізге қарсы олар. Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:Соғыс күймелері және аттары. Есімі «Әлемнің Иесі» деген мәңгі тірі Патша өз атымен ант етеді:— Бір жеңімпаз қолбасшы мұнда келе жатыр. Таулардың арасында Табор тауы әрі теңіз жағасындағы Қармил тауы алып та айбынды екеніндей, ол да бәрінен мықты да айбынды болады. Әй, Моаб, сенің қалаларың жау қолына түсіп, адамдарың толықтай құриды. Бетке ұстар жас жігіттерің қой іспетті бауыздалады! — Есімі «Әлемнің Иесі» деген Патша осыны нық айтады. Олардың тәбеті қозған кезде, Мен оларға арнап басқа бір той өткіземін. Олар сонда көңіл көтеріп, мас болып, ұйқыға батады, ал соларынан ешқашан оянбайды! — деп жариялайды Жаратқан Ие. —
Выбор основного перевода