Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, яһудалықтар, Бабылдан қашыңдар! Халдейлердің елін тастаңдар! Отарды бастап жүретін серкедей алғашқы болып сол елден кетіңдер! Бабылдан қашыңдар, уа, басқа ұлттық адамдар! Әркім өз жанын құтқарсын. Бабыл өз күнәларының жазасын тартқанда, сендер де онымен бірге құрып кетпеңдер! Себебі жасаған қылмыстары үшін Жаратқан Иенің оны жазалайтын уақыты келді. Ол Бабылға тиісті жазасын толығымен тартқызады. Петір тағы көптеген сөздермен оларға: — Мына азғын ұрпақтың арасынан шығып, (Құдайдың қаһарынан) құтқарылыңдар! — деп жалына ескертті. Көктен былай деген басқа бір дауысты да естідім:«Одан шық, халқым Менің, одан шық! Әйтпесе оның күнәларына араласып, басына түсетін пәлелерін де бөлісесің.
Выбор основного перевода