Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені өзіңді жаратқан Тәңір саған жар! Ол сені құтқарып алған Қамқоршың, Әлемнің Иесі және Исраилдің Киелі Құдайы деп те аталады. Бүкіл жер бетінің Құдайы деген атағы да бар. Сен қуылған, мұңды әйел секілдісің. Біреу жас кезінде үйленіп, тастап кеткен әйелге ұқсайсың. Жаратқан Ие сені қайтадан қасына шақырады!» — Құдайыңның Өзі мұны айтады. «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие. «Мына адамдардың не айтқандарын естідің бе? Олар: «Жаратқан Ие Өзі таңдап алған екі үрім-бұтақтан бас тартыпты!» деп жүр. Осылайша олар Менің халқыма менсінбей қарап, оны тіпті халық деп санамайды да. Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: Егер де Менің күн мен түн жайлы Келісімім әрі аспан мен жерге бекіткен заңдарым Жақып пен қызметшім Дәуіттің үрім-бұтақтарынан бас тартып, олардың бірде-біреуін Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың ұрпақтарына бұдан былай патшалық билік жүргізуге таңдамас едім. Өйткені Мен оларға рақым көрсетіп, жер аударылып кеткен жақтарынан елге қайтарып, олардың жағдайын бұрынғыдай игілікке кенелтемін». Ей, бабылдықтар, сендер Менің меншікті халқымды талан-таражға салдыңдар. Соған мәз болып, астық бастырып, бидайға тойып алған қашардай секіректеп, айғырдай кісінеп жатырсыңдар. Бабылға қарсы соғысу үшін садақшыларды көптеп шақырыңдар. Оны айнала қос тігіп, қоршауға алыңдар. Ешкім одан қашып шықпасын. Оған өзінің істегендерінің қарымтасын қайтарыңдар. Өйткені ол Исраилдің киелі Құдайы Жаратқан Иеге қарсы өркөкіректеніп бас көтерді. Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.
Выбор основного перевода