Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алдын ала ескертпестен-ақ, Ол тауларды орнынан жылжытады, қаһарланғанда оларды төңкеріп те тастайды. «Құлақ сал, уа, тәкаппар қала, Мен саған қарсымын, — дейді Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие. — Расында сенің үкімің шығарылып, жазаланатын уақытың жетті. Мына заңғар тау не өзі? Зоробабелдің алдында заңғар тау іспетті зор қиыншылықтар жазықтай тегіс болады. Зоробабел ғимараттың соңғы тасын орнатқанда халық: «Нендей мейірім! Не деген рақым!» деп дауыстап мадақтайтын болады. Екінші періште кернейлеткенде, жалындап жатқан зәулім таудай бір нәрсе теңізге лақтырылды. Теңіздің үштен бірі қанға айналып, Сол себепті бір-ақ күннің ішінде мына пәлелерге: індет, қайғы-қасірет және аштыққа ұшырап, отқа өртенбек. Себебі оны соттаушы Құдай — Жаратқан Ие құдіретті». Бабылдың азғындығы мен сән-салтанатты өмір салтына араласқан жер бетінің патшалары оны құртып жатқан өрттің түтінін көргенде жоқтау айтып, еңіреп жылайтын болады.
Выбор основного перевода