Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шайқастан кейін Садық ұлы Ахимағас Жоғабқа:— Мен енді жүгіріп барып, патшаға: «Жаратқан Ие сізді жауларыңыздың қатерінен азат етті!» деген қуанышты хабарды жеткізейін! — деп рұқсат сұрады. Алайда Жоғаб оған:— Жоқ, бүгін осы хабарды сен жеткізбей-ақ қой! Басқа бір күні хабар жеткізуіңе болады. Бірақ бүгін солай істеме, өйткені патшаның ұлы мерт болды, — деді. Содан соң Жоғаб бір құштыққа:— Патшаға барып, көргендеріңді мәлімдеп бер! — деп бұйырды. Сөйтсе де Садық ұлы Ахимағас тағы да Жоғабтан:— Не болса, о болсын! Өтінемін, құштықтың соңынан жүгіруге маған рұқсат беріңізші! — деп сұрап қоймады. Жоғаб:— Балам-ау, неліктен барғың келіп тұр? Апаратын хабарың сүйінші алатын хабар емес қой! — деді. Бірақ ол:— Не болса, о болсын! Жүгіргім келіп тұр, — деп қоймады. Сонда Жоғаб:— Мейлі, жүгіре бер! — деп келісе салды. Ахимағас Иордан алқабының бойындағы жолмен жүріп отырып, құштықты басып озды. Дәуіт осы кезде қала қамалының сыртқы және ішкі қақпаларының арасында отырған еді. Бір шолғыншы қақпаның төбесіне шығып, сыртқа қарағанда, жүгіріп келе жатқан бір адамды көрді. Шолғыншы бұл туралы патшаға дауыстап мәлімдеді. Патша:— Егер сол адам жалғыз өзі келе жатса, онда ол жақсы хабар әкеле жатыр, — деді. Адам жүгіріп жақындай түсті. Содан соң шолғыншы жүгіріп келе жатқан басқа бір адамды көріп, қақпашыға:— Әй, тағы біреуі жалғыз жүгіріп келе жатыр! — деп айқайлады. Патша:— Ол да жақсы хабар әкеле жатқан болса керек, — деп болжады. Шолғыншы:— Біріншісінің жүгіргені құдды Садық ұлы Ахимағастың жүгірісіне ұқсайды екен, — деді. Патша:— Ол жақсы адам, жақсы хабармен келе жатыр! — деді. Ахимағас патшаға таяп қалғанда:— Бәрі де жақсы! Аманшылық! — деп айқайлап жіберді. Ол патшаның алдында басын жерге тигізе жығылды да: — Патша иеме қарсы шыққан адамдарды қолға түсірген Құдайыңыз — Жаратқан Ие мадақталсын! — деді. Патша одан:— Жас жігіт Абессалом аман-есен бе? — деп сұрады. Ахимағас:— Жоғаб алдыңыздағы қызметшіңізді жіберген кезде үлкен бір шатақтың болып жатқанын көріп едім. Бірақ оның немен біткенін білмедім, — деп жауап қатты. Патша оған:— Былайырақ тұрып, күте тұр! — деді. Ахимағас бұрылды да, тыныш тұра қалды. Содан соң құштық келе қалды. Ол патшаға былай деді:— Уа, патша ием! Жақсы хабарға құлақ салыңыз! Бүгін Жаратқан Ие сізді өзіңізге қарсы шыққандардың барлығынан арылтты. Патшаның бұйрығы бойынша жаршылар бүкіл Исраил мен Яһуданы аралап, патша мен оның әміршілерінің мына сөздерін халыққа таратты:«Уа, Исраил халқы, Ыбырайым, Ысқақ, Исраилдың сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрыңдар! Сонда Ол Ассур патшасының шеңгелінен аман қалған сендерге де қайтадан бетін бұрмақ. Мен саған тұзақ қойып, сен де соған түсесің, о, Бабыл. Маған, Жаратқан Иеге, қарсыласқандығыңнан өзің тұзаққа түсіп, тұтқындаласың.
Выбор основного перевода