6
Олар былай деп жауап берді:— Алдымыздан бір адам шығып, бізге тіл қатып былай деді: Сендерді жіберген патшаға қайтып барып, оған: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жіберіп жатырсың?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!» деген хабарды жеткізіңдер! —