Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бел тізе бүгіп, Небо да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар — шаршаған көліктерге ауыртпалық. Осылайша жалған тәңірлердің бәрі бірдей тізе бүгіп, құлайды. Олар ауыр мүсіндерін қорғай алмайды, қайта, өздері де тұтқынға түседі! Ұлттардың арасында мына хабарды жар салып, бәріне естіртіңдер; оны белгі беретін жалаудай көтеріп, әркімге де білдіртіңдер! Ештеңесін бүкпей жариялаңдар: «Бабыл жау қолына түседі! Оның тәңірсымағы Бел Меродах масқара болып, үрейге толады. Халық табынған тәңір мүсіндері аяқ асты болып, сындырылады. Сол үшін сендердің «аналарың», Бабыл қаласы, масқараланып, халықтардың ішіндегі ең елеусізіне айналады. Сонда ол елсіз дала, қу тақыр, құла түз болып кетеді. Халдейлер семсердің жүзінен қырылатын болады! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Бабылдың тұрғындарына, оның әміршілері мен данышпандарына семсер төніп тұр! Семсер Бабылдың сәуегейлеріне төнгенде солар ақылдарынан алжасып, батырларына төнгенде олар қатты қорқатын болады. Семсер Бабыл әскерінің аттары мен соғыс күймелеріне және елдегі жат жұрттық жасақшыларға төнгенде олар әйел сияқты әлсізденеді. Семсер қазыналарына тигенде олар талан-таражға түседі. Ал Жаратқан Ие мынаны айтады:— Біліп алыңдар, Мен Бабылдың жалған тәңірлерінің мүсіндерін жоятын күндер туады. Сонда оның бүкіл елінде жараланған адамдардың ыңырсуы естілетін болады.
Выбор основного перевода