Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды ал да, бұл жерден кет!» — деді. Мұса қауымға бұйрық беріп: «Мына зұлым адамдардың қостарынан аулақ шегініңдер! Әрі оларға қарасты ештеңеге де тиісуші болмаңдар! Әйтпесе олардың күллі күнәларына бола сендер де құрып кетесіңдер», — деді. Бабылдықтар көп халықтар мен ұлы патшалардың құлдығына түседі. Мен бабылдықтарға жасаған іс-әрекеттеріне сай тиісті жазаларын тартқызамын!» Уа, яһудалықтар, Бабылдан қашыңдар! Халдейлердің елін тастаңдар! Отарды бастап жүретін серкедей алғашқы болып сол елден кетіңдер! Қалаға жан-жағынан атой салыңдар! Сонда ол беріліп, мұнаралары құлап, қамал қабырғалары опырылады. Бұл — Жаратқан Иенің жүзеге асырып жатқан әділ жазасы. Сондықтан Бабылға тиісті жазасын тартқызыңдар! Сол қала басқа халықтарды қалай қырған болса, сендер де оны солай қырыңдар. Көктен былай деген басқа бір дауысты да естідім:«Одан шық, халқым Менің, одан шық! Әйтпесе оның күнәларына араласып, басына түсетін пәлелерін де бөлісесің.
Выбор основного перевода