Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: Бабылдың қалың қабырғалары жермен-жексен етіліп, биік қақпалары өртеніп кетеді. Осылай көптеген ұлттардың ауыр еңбегі зая кетіп, шаршап-шалдығып істеген жұмыстарының нәтижесін өрт жалмайды. Бірақ жау қаласын Иеміз ғаламат топан сумен іргетасына дейін құртады, қара түнек Оның жауларын басады. Сендер Жаратқан Иеге қарсы не ұйымдастырмақсыңдар? Ол соларыңды біржола құртады. Осы пәле екінші рет бастарыңа түспейді. Сонда бір күшті періште үлкен диірмен тасындай дәу тасты алып, теңізге лақтырып жіберіп, былай деді:«Міне, осындай қатты екпінмен ұлы Бабыл қаласы да лақтырылып, тұңғиыққа батып кетеді. Ол енді қайтып көрінбейтін болады!»
Выбор основного перевода