Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұлттардың арасында мына хабарды жар салып, бәріне естіртіңдер; оны белгі беретін жалаудай көтеріп, әркімге де білдіртіңдер! Ештеңесін бүкпей жариялаңдар: «Бабыл жау қолына түседі! Оның тәңірсымағы Бел Меродах масқара болып, үрейге толады. Халық табынған тәңір мүсіндері аяқ асты болып, сындырылады. Сонда тәңір мүсінінің келтірер пайдасы не? Оны ойып жасаған жай пенде емес пе? Немесе құйылып жасалған, өтірікті үйрететін мүсіннің пайдасы қандай? Оны жасайтын адам баласы өзінің қолынан шыққан тәңірсымаққа сенеді, бірақ сол мүсін сөйлей алмайды, ол үнсіз мылқау. Ағаш мүсінге: «Тіріл!», мылқау тасқа: «Оян!» дейтін қасіретке қалады! Өлі мүсіндер сендерге дұрыс жолды үйрете ала ма? Алтын, күміспен қапталған болса да, оларда тіршілік жоқ.
Выбор основного перевода