Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабыл қаласы — патшалықтардың сән-салтанаты, халдей халқының асқақ мақтанышы. Алайда Мен, Құдай, Содом мен Ғомораға істегенімдей, Бабылдың да астан-кестенін шығарамын. Бабылдың жерін енді қайтып ешкім мекендемейді, адамдар ешқашан сонда тұрмайтын болады. Не көшпелі арабтар да шатырын тікпейді, не өзге шопандар да отарларын жаймайды. Алайда басыңа апат төніп, оның қайдан келетінін әлі білмейсің. Сонда тас-талқан болып қирайсың, ал одан амал тауып құтыла алмайсың. Кенеттен сен еш ойламаған қырғынға ұшырайсың! Сонау солтүстіктегі Дан жақтан жау аттарының осқырынғаны естіледі. Олардың айғырлары кісінегенде бүкіл ел дірілдейді. Жау ел мен ондағы бардың бәрін, қалалар мен тұрғындарын түгел жалмап құрту үшін аттанып келе жатыр. Бірақ Жаратқан Ие — шынайы Құдай! Ол — тірі Құдай әрі мәңгілік Патша! Ол қаһарланғанда жер сілкініп, ұлттар Оның қаһарына төтеп бере алмайды. Бабылдың жау қолына түскен кезіндегі у-шуынан жер (бетіндегі халықтар) дірілдейді, оның қиналған айқайы тіпті бөтен ұлттардың арасына дейін жаңғырып естіледі. Осыларың үшін бүкіл ел шайқалып, оның тұрғындары қайғыға батпай ма? Расында жер Мысырдың Ніл өзеніндей көтеріліп әрі тасып, сосын қайтадан басылып, төмендейтін болады».
Выбор основного перевода