Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дейді Иеміз. — Жазалау — Менің ісім,Тиісті жазаларын тартқызамын Өзім!Кезі келгенде аяқтары таяды,Күйрейтін күндері жақындап қалды,Тағдыры зырғытып қуады оларды». Уа, Иеміз, зұлымды жазалайтын Құдай,Нұрыңды төкші, о, әділ соттаушы Құдай! Уа, әлемге Үкім Шығарушы, көтеріле гөр,Менменге тиісті жазасын тартқыза гөр! Құдай әркімге істеріне қарай қайтарып, зұлым қарсыластарына қаһарын төгеді. Сонда Ол тіпті алыстағы елдердегі жауларына да жазаларын тартқызады. Бабылдан қашыңдар, уа, басқа ұлттық адамдар! Әркім өз жанын құтқарсын. Бабыл өз күнәларының жазасын тартқанда, сендер де онымен бірге құрып кетпеңдер! Себебі жасаған қылмыстары үшін Жаратқан Иенің оны жазалайтын уақыты келді. Ол Бабылға тиісті жазасын толығымен тартқызады. Сионда жасаған зұлым істері үшін Мен сендердің көз алдарыңда Бабыл мен оның күллі тұрғындарына тиісті жазаларын тартқызамын», — деп нық айтады Жаратқан Ие. Көк пен жер және олардағылардың бәрі Бабыл жайлы шаттанып қуанады. Өйткені солтүстіктен құртушы жаулары аттанып, оған бас салады! — Жаратқан Ие осыны нық айтады. — Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз. «Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын~Өзім!» дегеннің Кім екенін білеміз ғой. «Жаратқан Ие сотта тергейді өз халқын» деп те (Тауратта) жазылған.
Выбор основного перевода