Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды, Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі». Ол солардың мүдделерін қайсарлықпен қорғайды. Осылай Ол елдеріне тыныштық сыйлайды, ал Бабылдың тұрғындарына зобалаң жібереді. Елдегі сулар тартылып құрғап, қуаңшылық жайылады! Өйткені бұл ел жалған тәңірлерге табынып, халық сол жексұрын мүсіндерге құштарлана беріліп кеткен! Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз.
Выбор основного перевода