Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұлардан кейін перғауынға былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраил Менің ұлым — тұңғышым іспетті. Енді Мен жаңаны жасаймын да,Қазір ол шыққалы тұр жарыққа,Сендер мұны ұғынбайсыңдар ма?Міне, Мен иен далада жол саламын,Шөл даладан бұлақтар ағызамын. Енді қайтып олар аштық пен шөлді білмейді, күннің аптап ыстығы да күйдірмейді». Себебі халқының жанашыры Жасаған Ие оларды жетелеп, су көздеріне бастап алып жүреді. «Мен бүкіл тауларымды жолға айналдырып, даңғыл жолдарымды биіктетіп саламын. Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз. Оның үстіне әлі де Маған: «Әкем-ау, жастық шағымнан бері мені жетелеп келе жатқан досымсың ғой! Мен сендерді рухани балаларым ретінде құшақ жая қарсы аламын деген болатынмын. Көптеген халықтар тамашалаған осы керемет елді сендерге мұралық меншікке табыстауға ниеттенген едім. Сендер Мені «Әке» деп атап, Менен ешқашан бас тартпайсыңдар деп ойладым. Тақыр төбе бастарынан бір дауыс естіліп тұр. Бұл өздерінің теріс жолдарымен адасып кетіп, Құдайлары Жаратқан Иені ұмытқан исраилдіктердің зарлы үні. Сол кездері Солтүстік Исраил мен Яһуданың халқы екеуі бірдей көз жастарын төгіп, Маған — өз Құдайлары Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрып сиынады, — дейді Жаратқан Ие. — «Мен Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің халқына мейірім мен мінажат ету рухын дарытамын. Сонда олар өздері түйреген Кісіге қарайтын, әрі жалғыз ұлын жоқтағандай, жоқтау айтатын болады. Олар тұңғышы қайтыс болғандай, Ол туралы қатты күйініп, қайғыратын болады. Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз. Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода