Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер де Құдай Иелеріңнің өсиеттеріне құлақ асып, оларды сақтап орындайтын болсаңдар, онда Жаратқан Ие сендерді көштің аяғы емес, басы етеді. Сендер төменде емес, тек жоғарыда жүретін боласыңдар. Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде,Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады! Уа, Жаратқан, халқыңды құтқара гөр,Меншікті қауымыңды жарылқай гөр,Бағушысы болып мәңгі көтере бер. Уа, Жаратқан, бізді құтқаршы,Уа, Иеміз, табыс сыйлашы! Кейінгі заманда Жаратқан ИеніңКиелі үйі тұрған Сион тауыБастысы болады бар тау-төбелердің,Бәрінен де оның атақ-даңқыӘлдеқайда жоғары болып қалады.Барлық халықтардың адамдарыСоған қарай ағылатын болады. Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,Дауыстап қалықтата ән салыңдар:Исраил сиынған Киелі ҚұдайЕнді өздеріңнің араларыңдаБөленеді салтанатты ұлылыққа!» Яһуда халқының тірі қалғандары қайтадан терең тамыр жайып, өсіп-өнетін болады. Солардың ұрпақтары басқа халықтар арасында танымал және қадірлі болады. Мұны көргендердің бәрі бұлардың Жаратқан Ие жарылқаған ұрпақ екенін мойындайды. Сонда сендер жасағандарыма мәңгі бақи мәз болып шаттанасыңдар. Мен Иерусалим қаласы мен оның халқын рақат пен қуаныштың қайнар көзіне айналдырамын.
Выбор основного перевода