Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүгін сені ұлттар мен патшалықтарға үстемдік жүргізуге тағайындадым. Сен оларды түп-тамырымен жұлып ойсыратып, құлатып жоясың, әрі қайтадан тұрғызып, егіп отырғызатын боласың, — деді. Оларға көз қырымды салып, жағдайларының жақсы болуын қадағалаймын. Кейін оларды осы елге кері қайтарамын. Сол жерде оларды құртпаймын, керісінше, тұрғызып өркендетемін, оларды жұлып тастамаймын, керісінше, қайтадан егіп отырғызамын. Өйткені Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады:— Бұл халықтың басына барлық осы зор апаттарды қалайша жіберген болсам, оларға уәде еткен барлық молшылығымды да солайша жіберемін. Мен енді оларға жақсылық емес, жамандық істеуді қырағы қадағалаймын. Мысырдағы яһудилер құрып біткенше семсер мен ашаршылықтан қырылады. Барух, Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Мен бүкіл ел бойынша Өзімнің тұрғызғанымды қиратып бұзып, егіп отырғызғанымды түп-тамырымен жұлып ойсыратамын.
Выбор основного перевода