Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай ескертіп түзететін адам қандай бақытты! Сондықтан құдіреті шексіз Хақ Тағаланың тәрбиесін елемей жүрме! О, Құдай, бізді қайтаршы өз жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша. Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша. Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша. Уа, Жаратқан Ие, Өзің тәрбие берген жанБақытты: Таурат заңыңнан үйретесің оған, Ала кетші мені өзіңмен бірге,Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне!Патшам мені кіргізді өз бөлмелеріне.(Қалыңдықтың құрбылары:)Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз,Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз.(Қалыңдық:)Өзіңді ұнатқандарына осылардың,Уа, жаным, сен әбден лайықтысың! «Сауықтыра гөр мені, уа, Жаратқан Ие, сонда мен шынымен сауығамын. Өзің құтқара гөр мені, сонда мен шынымен құтқарыламын. Себебі Сені ғана мақтан тұтып дәріптеймін. Уа, Иеміз бізді Өзіңе қабылдай гөр қайта,Сонда біз бет бұрамыз Саған тағы да,Бұрынғыдай етші күндерімізді жаңарта! Ефрем — астық басуға үйретілген, сол жұмысты ұнататын жас сиыр сияқты. Ал енді Мен Ефремнің күшті мойнына мойынтұрық салып, оны жер айдауға жұмсаймын. Яһуда да жер жыртатын болады, Жақыптың күллі ұрпақтары бұдан кейін егістікті малалайды. Сондықтан Құдай Өзінің Қызметшісін өлімнен тірілтіп алып, әрқайсыңды зұлымдықтарыңнан қайтарып, жарылқау мақсатында Оны ең алдымен сендерге жіберді.
Выбор основного перевода