Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Сендер бөгде тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп ұсынып Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадыңдар. Оның даусына құлақ аспадыңдар, Оның Таурат заңына, ережелері мен бұйрықтарына бағынған жоқсыңдар. Мына апаттардың бастарыңа келуі де дәл сол себептен. Олар: «Моаб ойрандалып, масқара болды. Айқайлап жылаңдар, Арнон өзенінің бойында Моабтың ойрандалғаны туралы жар салыңдар! — дейтін болады. — Дамаск әлсіреп, халқы кері бұрылып қаша жөнеледі. Ол қорыққаннан дір-дір етіп, толғатып жатқан әйелдей қиналуда. Салтанатты, қуанышқа толы қала қалайша елсіз бос қалмақ! Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі». Ол солардың мүдделерін қайсарлықпен қорғайды. Осылай Ол елдеріне тыныштық сыйлайды, ал Бабылдың тұрғындарына зобалаң жібереді. Бірақ одан да күшті басқа Біреу шабуыл жасап, жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару-жарағын тартып алып, қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.
Выбор основного перевода