Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда (Еремия пайғамбар) халқының айыбын әшкерелегенде былай деген:«Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп алыңдар, Мен Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келеді. Бұл Келісім Мен олардың ата-бабаларын қолдарынан жетелеп Мысырдан алып шыққанда солармен жасаған Келісіміммен бірдей болмайды. Өйткені олар сол Келісіміме адал болмағандықтан ықыласымнан айырылды, — дейді Жаратқан Ие. — Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады, — дейді Жаратқан Ие. Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын». Халқыммен мәңгілік Келісім жасап, оларға жақсылық жасауымды тоқтатпаймын. Ешқашан Менен кері бұрылып кетпеулері үшін Өзімді терең қастерлеуді олардың жүрегіне құятын боламын. Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасаймын. Бұл Келісім мәңгілікке созылмақ. Мен оларды орнықтырып, жарылқап, өсіріп-өндіріп, араларында киелі орнымды тұрақты орнатамын. Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып:— Мына тостаған — сендер үшін төгілмек қаныммен бекітілген Жаңа Келісім, — деді. Ол бізді жазылған заңдарға емес, Киелі Рухына негізделген Жаңа Келісімге сай қызмет етуге қабілетті қылды. Жазылған заңдар рухани өлім әкеледі, ал Киелі Рух шынайы өмір сыйлайды.
Выбор основного перевода