Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер сендер және балаларың Құдайларың Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған өсиеттерге сай Оған шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен мойынсұнсаңдар, Есіңе алмашы жас күнгі күнәмді,Кешіре гөр теріс қылықтарымды,Ескере гөр мейіріміңе сай мені,Уа, Ием, Сен рақымдысың өйткені. Ұятымызға бола біз жерде жатырмыз әрі масқараның астында қалдық. Өйткені өздеріміз де, ата-бабаларымыз да Құдай Иемізге қарсы күнә жасадық. Жастық шағымыздан күні бүгінге дейін Құдайымыздың айтқандарына құлақ аспай келеміз. Жағдайың аман-есен болып тұрған кезде саған ескерткен едім, ал сен: «Тыңдағым да келмейді!» дейтінсің. Сен жас кезіңнен-ақ осылай істеп, даусыма мүлдем құлақ аспай келесің. Ей, пендем, айқай салып жыла! Өйткені семсер Менің халқыма қарсы, әрі Исраилдің билеушілеріне қарсы қолданылмақ. Олар халқыммен бірге семсерден қырылмақ. Сонымен қайғыдан кеудеңді соққыла! Сонда сендер бұрынғы әділетсіз жолдарың мен зұлым істеріңді естеріңе аласыңдар. Сол арам да жексұрын іс-әрекеттерің үшін өз-өздеріңнен жиренетін боласыңдар! «Мен Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің халқына мейірім мен мінажат ету рухын дарытамын. Сонда олар өздері түйреген Кісіге қарайтын, әрі жалғыз ұлын жоқтағандай, жоқтау айтатын болады. Олар тұңғышы қайтыс болғандай, Ол туралы қатты күйініп, қайғыратын болады. Әлде сен Құдайдың мейірім көрсетіп, өзіңді теріс жолдан қайтарғысы келетінін ұқпай, Оның мол мейірімділігін, сабырлылығын және шыдамдылығын менсінбейсің бе?
Выбор основного перевода