Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай мені сол жерге алып келгенде, қала қақпасының маңында тұрған біреуді көрдім. Оның түрі қолаға ұқсады, қолында зығыр жіп пен өлшеуіш таяқ бар еді. Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді. Мен қайтадан жоғары қарағанда қолында өлшеуіш жібі бар біреуді көрдім. Мен одан:— Қайда бара жатырсыз? — деп сұрадым. Ол:— Иерусалимнің ені мен ұзындығын білу үшін оны өлшеуге бара жатырмын, — деп жауап берді. Содан кейін біреу маған бір өлшеуіш қамыс таяқты беріп, былай деді:— Бар да, Құдайдың киелі үйін және ондағы түтету үстелін өлшеп, сол жердегі ғибадат етіп жатқандардың санын есепте!
Выбор основного перевода