Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай үлкенірегі күндізге, кішірегі түнге билік жүргізетін жарқыраған екі үлкен аспан шырағын әрі жұлдыздарды жаратты. Құдайдың салтанатты ұлылығынАспан әлемі ашық паш етеді,Оның қолының керемет істерінӘуе кеңістігі де көрсетеді, Осыларды олар жариялайды күнде,Бұл білімді мәлімдейді әр түнде. Сол «үндерін естімеген» ешбір тіл де,Ешқандай ұлт та қалмайтын болады. «Үндері» жайылады бар жер бетіне,«Сөздері» жердің шетіне таралады.Құдай күнді аспанда орналастырған. Күйеу жігіттей бөлмесінен шыққанКүннің жүзі де қуана нұрланады,Ол жүйріктей жарысуға құлшынады. Көкжиектің бір шетінен күн шығады,Келесі шетіне өтіп айналады,Ештеңе де қызуынан тыс қалмайды. Ал Жақыптың үрім-бұтағына жар болушы Құдай олар сияқты емес: Ол — барлық нәрсенің, соның ішінде Өзінің меншікті халқы Исраилдің Жаратушысы. Оның есімі — Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода