Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді. Мен араларында кереметтер істеп, билігімді паш етемін. Солардың аман қалғандарынан кейбіреулерін әлі де атағым мен ұлылығымды естіп-көрмеген алыстағы халықтарға жіберемін. Хабаршыларым батыстағы Тарсис жағына, Либияға, аты шулы садақшылардың елі Лүдияға, солтүстіктегі Тұбалға, Грекияға және аралдар мен теңіз жағалауларындағы басқа елдерге барып, сол халықтарға да асқан ұлылығымды жариялайтын болады. Мен «отарымның» тірі қалғандарын Өзім айдап жіберген елдерден жинап аламын да, өздерінің еліне қайтарамын. Олар сонда өсіп-өнетін болады. — Мен халқымды ашу-ыза мен зор қаһарға кенелген кезімде шашыратып жіберген барлық елдерден қайтадан жинап аламын! Оларды тағы да осы жерге әкеліп, қауіп-қатерсіз қоныстандырамын. Сонда Мен Исраилді өзінің жайлы мекеніне қайтарып, ол қайтадан Қармил мен Башан тауларында жайылып, Ефрем мен Ғилақадтың қыраттары аймақтарында да тойынатын болады. — Сондықтан (жер аударылғандар жайлы) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен оларды алыстағы халықтардың арасына таратып, түрлі елдерге шашыратып жіберсем де, олар Маған азғана уақыт бойы сол барған жақтарында табынатын болады.
Выбор основного перевода