Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді Мен жаңаны жасаймын да,Қазір ол шыққалы тұр жарыққа,Сендер мұны ұғынбайсыңдар ма?Міне, Мен иен далада жол саламын,Шөл даладан бұлақтар ағызамын. Енді несіне Мысыр мен Ассурға барып, одақ құрасың? Ніл мен Евфрат өзендерінің суын ішкеннен саған не пайда? «Мен таза жүріп келемін, жалған тәңір Бағалдың мүсіндеріне табынған емеспін» деп қалай ғана айта аласың? Аңғарда не істеп жүргеніңе көңіл бөл, қылықтарыңды ойла! Кімге табынсам екен деп, күйлеген жүйрік іңгендей тыным таппайсың. Неліктен сен жүрген жолдарыңды оп-оңай өзгерте саласың? Ассурдың өзіңді масқара қылғанындай, Мысыр да сені масқараға қалдыратын болады. Өздеріңнің шұрайлы аңғарларыңмен неге мақтанасыңдар? Оларыңнан жақында жұрдай боласыңдар! Уа, опасыз Аммон халқы, сен өз байлығыңа сеніп: «Маған кім шабуыл жасай алады?!» — деп дандайсисың. Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды! Сонда тақта Отырған:— Енді бәрін де жаңадан жаратамын, — деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы! — деп қосты.
Выбор основного перевода