Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Амандық тілеңдер Иерусалим үшін:«Қаланы сүйетіндер өркендесін, Қамалыңның ішінде амандық болсын,Сарайларыңда тыныштық орнасын!» Ежелде істегенімдей, саған тағы да әділ төрешілер мен дана кеңесшілерді тағайындаймын. Содан сен «Әділетті қала», «Адал астана» деп аталатын боласың». Сонда Мен сендерге Өзімді тапқызамын! — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Иә, Мен сендерді тұтқыннан кері қайтарып, жағдайларыңды бұрынғыдай игілікке кенелтемін. Өзім сендерді жер аудартқан барлық халықтар мен елдерден жинап, осы жерге қайта алып келемін. Өйткені былай деп уәде беремін: Мен өз халқым (Солтүстік) Исраил мен Яһуданы жер аударылудан қайтарып алып келемін. Сонда Өзім ата-бабаларына мұралық меншікке тапсырған елді олардың иемденетін уақыты жетеді. — Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: Біліп қойыңдар, Мен Жақыптың ұрпақтарына рақым көрсетіп, жер аударылған жағынан қайтарамын. Қирап, үйінді болған қала қайта тұрғызылып, қорғаны да өзінің бұрынғы орнында тұратын болады. Сонда Бунямин жері мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдарда, әрі Яһуда жері мен таулы аймақтағы, батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағындағы қалаларда егістік танаптары әлі де күміске сатылып алынбақ. Сонда құжаттар дайындалып, оларға мөр басылып, куәгерлер куәлік етпек. Өйткені Мен сол аймақтардан жер аударылып кеткендерді қайтарып әкеліп, жағдайларын бұрынғыдай игілікке кенелтемін! — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. Кездестірген жауларының бәрі де оларды жалмап қойып, былай дейтін: «Біз кінәлі емеспіз, өйткені олар өздерінің тынығатын шынайы «мекені» — Жаратқан Иеге қарсы күнә жасады. Ал Ол ата-бабалары үміт артқан Жаратқан Ие ғой». Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен Сионға қайта оралып, Иерусалимде тұратын боламын. Сонда Иерусалим «Ақиқат қаласы», әрі Әлемнің Иесінің киелі үйі орналасқан Сион тауы «Оған бағышталған қасиетті тау» деп аталмақ. Тәңір өз қайырымын ескеріп,Қызметшісі Исраилді қамқорлайды:
Выбор основного перевода