Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Туған інісін көргенде, Жүсіптің оған деген сүйіспеншілігі лап етті. Оның басқа ештеңе айтуға шамасы келмей, сол жерден шыға жөнелді. Көзіне жас толып кеткен ол өз бөлмесіне барып, жылап алды. Есік тесігінен қол сұқты сүйіктім,Қатты толқып кетті менің жүрегім. Сол себепті жан дүнием Моаб елі үшін әрі жүрегім ондағы Кир-Хәрес қаласы үшін қайғылы әуен тартқан жетігендей зарлайды. Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді Уа, Жаратқан Иеміз, енді көктен,Қасиетті, салтанатты мекеніңнен,Қайтадан бізге назар аудара гөр!Өз қайрат-жігерің мен құдіретің,Зор жанашырлығың мен қайырымыңҚазіргі уақытта қайда екен?Неге рақымыңды аяйсың бізден? «Мен сені қалайша тастап кетемін, уа, Ефрем? Сені қалайша ұстап беремін, уа, Исраил? Мен сені қалайша Адмадай тастап, Себоимдей ойрандаймын? Жүрегімде ниетім өзгеріп, аяушылығым арта түсті. Ассур бізді құтқара алмайды, біз атқа мініп, өз күшімізге де сенім артпаймыз. Бұдан былай өз қолымызбен жасаған бұйымға: «Біздің тәңіріміз!» деп табынбаймыз. Сенен ғана, уа, Жаратқан Ие, жетімдер рақым табады. Яғни Құдайдың таңдап алуы адамның қалауы мен әрекетіне емес, Құдайдың рақымына байланысты.
Выбор основного перевода