Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы адамдардың бәрі патшаның алдынан өтіп бара жатқанда, сол аймақтың бүкіл халқы қатты дауыстап жылап тұрды. Ақыры патша да Қидрон сайынан өтіп, барлық адамдарын ертіп елсіз даланың жолына қарай бет алды. Сақшылар Аталияны ұстап алып, патша сарайының ауласына аттар кіретін қақпаға әкетіп, сол жерде көзін құртты. Жосия Жаратқан Иенің киелі үйінен Ашераның ағаш бағанасын алып шығып, Иерусалимнің сыртындағы Қидрон сайына апарды. Сол жерде оны өртеп ұнтақтап, күлін жай адамдардың қабірлерінің үстінен шашып тастады. Жылқы қақпасынан жоғарырақ жерде діни қызметкерлер әрқайсысы қабырғаның өз үйінің тұсындағы бөлігін жөндеп нығайтты. Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың енді қайтып саған кірмейтін болады! әрі Бен-Хенном аңғарында Топет деген табыну орындарын салып, сол жерлерде ұлдары мен қыздарын жалған тәңірге арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен оларға бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. Сондықтан сақ болыңдар! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Ол жер енді Топет немесе Бен-Хенном аңғары деп емес, Қырғын аңғары деп аталатын уақыт келеді. Өйткені олар өліктерін бос орын қалмағанша сол жерге қоятын болады. «Сол кезде сендер Менің, өз Құдайларың Жаратқан Иенің, киелі тауым Сионда тұратынымды білетін боласыңдар. Иерусалим қаласы Өзіме бағышталып қасиетті болады. Енді оны ешбір жат жұрттық басып ала алмайды.
Выбор основного перевода