Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Ыбырам:— Мен көк пен жерді жаратқан Тәңір Ие — Алла Тағала алдында қолымды көтеріп тұрып ант етемін: Құдай Мұсаға тағы мынаны да айтты: — Мен Жаратқан Иемін. Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді білдірген жоқпын. Мен сендерді өз халқым деп қабылдап, Құдайларың боламын. Сонда Менің өздеріңді Мысырдың езгісінен босатып алып шыққан Жаратқан Ие — сендердің Құдайларың екенімді білетін боласыңдар. «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен сендерді Өзінің халқы және ерекше құнды меншігі болуға таңдап алған.
Выбор основного перевода