Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оларға мынаны жеткіз: Мәңгі тірі Жаратқан Ие былай деп ант етеді: құлағыма шалынған сендердің айтқандарыңды Мен өз бастарыңа айнытпай-ақ келтіремін! Санақтан өткен жасы жиырмадағы не одан асқан еркек кіндіктілерің — Маған қарсы күңкілдеп наразылық білдірген барлығыңның сүйектерің осы иен далада шашылып қалады. Мен өздеріңді қоныстандыруға ант еткен сол елге Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа екеуінен басқа сендердің ешқайсыларың кірмейсіңдер! Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:«Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындағанЕлге кірмейді олар енді ешқашан!» Сол күні Мен оларға өздерін Мысырдан бастап алып шығып, елдердің ішіндегі ең көріктісі — ағы мен балы ағыл-тегіл елге әкелуге уәде бердім. Сол елді Мен Өзім олар үшін қарап таңдап алған едім. Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындағанЕлге кірмейді олар енді ешқашан!
Выбор основного перевода