Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Мұса Жаратқан Иеге былай деп сиынды:— Сонда мысырлықтар бұл туралы еститін болады! Сен осы халықты Өзіңнің құдіретіңмен олардың арасынан алып шықтың ғой! Алайда Құдай сондай шапағатты,Күнәларын кешіріп, оларды құртпады.Әлденеше рет Ол ашуын басты,Жалынды қаһарын толық тұтатпады, Бірақ исраилдіктердің айналасында тұрып жатқан халықтардың алдында өз есімімнің қорланбауы үшін арнайы шара қолдандым. Өйткені Мен исраилдіктерді Мысырдан солардың көзінше алып шығып, оларға Өзімді аян етіп танытқан едім. Ал исраилдіктердің айналасында тұрып жатқан халықтардың алдында өз есімімнің қорланбауы үшін Мен солай істемедім. Өйткені халқымды Мысырдан солардың көзінше алып шыққан едім.
Выбор основного перевода