Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда сендер адам қолымен ағаш пен тастан жасалған, көрмейтін де естімейтін, тамақ та жемейтін, иіс те сезбейтін тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. Жалған тәңірлердің артынан жалаң аяқ жүгіріп, аяғыңды жарақаттап қанатпа! Шөлден тамағыңды кептірме! Алайда сен: «Мен үшін әуре болма! Бөтен тәңірлерге ғашықпын, солардың жолымен жүремін!» дейсің. Біз істеуге ант бергеніміздің бәрін міндетті түрде істей береміз: бұрын өзіміз, ата-бабаларымыз және патшаларымыз бен әміршілеріміз Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінде істегеніміздей, бұдан былай да «Аспан патшайымына» арнап хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларын құйып ұсына бермекпіз. Өйткені соны істеп жүрген кезімізде бізде тамақ мол, жағдайымыз жақсы болып, еш жамандық көрмеген едік. Сонда маған Жаратқан Иенің Рухы қонып, мына сөздерді айтқызды: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осылай айтасыңдар, уа, Исраил халқы. Сендердің ойларыңда не туындайтынын Мен түгелдей білемін! Сен киімдеріңнің бірқатарын алып, олардан биіктеу жерлерде жалған тәңірлерге табынатын орындар жасадың. Сол жерлерде жезөкшелікпен, яғни жалған тәңірлерге табынумен, айналыстың. Мұндай сұмдық бұрын ешқашан болған емес, болашақта да болмауға тиіс! Халқым тау-төбелердің бастарында малдарын құрбандыққа шалып, саясы ыңғайлы деп емен, терек, пісте ағаштарының түбінде жалған тәңірлерге арнап хош иісті заттарды түтетеді. Сол себепті қыздарың жезөкшелікке салынып, келіншектерің неке адалдығын бұзады!
Выбор основного перевода