Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Менің ережелерім мен шешімдерімді ұстаныңдар! Оларды бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. Мен Жаратқан Иемін. Мен сендерге қазір табыстап отырған осы бүкіл Таурат заңындай әділ ережелер мен шешімдерге ие болып отырған тағы басқа үлкен халық бар ма?! (Әрине, жоқ!) Сен Синай тауына түсіп, оларға көктен де тіл қаттың. Сонда оларға әділ шешімдер мен заңдарды, ізгі ережелер мен өсиеттерді тапсырдың. Сен халқыңа қасиетті демалыс күнің — сенбі күні жөнінде нұсқау беріп, Таураттағы өсиеттер мен ережелерді қызметшің Мұса арқылы табыстадың. Таурат заңының ережелерін орындау арқылы ақталу туралы Мұса пайғамбар былай деп жазған: «Оларды бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді». Осы сенім жолы Таурат заңының жолынан өзгеше: соның ережелерін «бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді».
Выбор основного перевода