Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп жауап берді:— Жарайды, сенің өтінгеніңдей Мен оларды кешіремін. Бірақ Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, былай деп ант етемін: Бүкіл дүниенің Менің салтанатты ұлылығыма толы екендігі шүбәсіз. Сол сияқты, мына адамдардың тағдыры да еш шүбәсіз. Олар Мысырда және осы айдалада Менің ұлы салтанатымды әрі құдіретімді дәлелдеген керемет істерімді өз көздерімен көрсе де, Мені он рет еркінсіп сынап, даусыма құлақ түрмеді! Сол үшін олардың ешқайсысы да Мен ата-бабаларына табыстауға ант еткен елді көрмейтін болады! Мені менсінбегендердің ешқайсысы да сол елге көз тастамайды! Ол халыққа ұшырасты айдалада,Жел ысқырып, құлазыған маң далада,Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады,Көзінің қарасындай сақтап қорғады, Бірақ Исраил халқы иен далада Маған қарсы бас көтерді. Олар ережелеріме мойынсұнған жоқ, керісінше, шешімдерімді менсінбеді. Ережелерім мен шешімдерімді орындаушы адам солар арқылы өмір сүретін болса да, Исраил халқы осылай етті. Бұған қоса олар тағы Менің өздеріне тапсырған демалыс күніме қатысты ережелерімді де бұзып, оның қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен қаһарымды төгіп, оларды иен далада жойып жібермек болдым. Алайда олардың балалары Маған қарсы бас көтеріп, тапсырған ережелерімді ұстанбады, әрі заңдарымды орындамады. Ал оларды орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. Соған қоса олар демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды иен далада бар ашу-ызаммен жазалауға ұйғардым. Алайда олардың басым көпшілігі Құдайға жақпай, айдалада құрып кетті. Міне, осы оқиғалар бізді ата-бабаларымыздай жамандыққа құмар болудан сақтандырып, үлгі болып тұр: солардың кейбіреулері іспетті жалған тәңірге құлшылық етпеңдер! Бұл туралы (Тауратта): «халық жайғасып отырып, құрбандықтан ішіп-жеді; біраздан кейін азғын ойындар ойнау үшін орындарынан тұрды» деп жазылған. Ата-бабаларымыздың кейбіреулері секілді азғындыққа түспейік! Сол кінәлары үшін олардың жиырма үш мыңы бір күнде өлді. Солардың тағы кейбіреулеріндей Иеміз Мәсіхтің төзімділігін еркінсіп сынамайық! Жыландар оларды сол үшін шағып өлтірді. Кейбіреулері сияқты Құдайға қарсы күңкілдей бермеңдер! Соның жазасы ретінде қырып-жоюшы періште оларды өлтіріп кетті.
Выбор основного перевода