Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол! Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі. Құдай Иең саған өсиеттегендей, демалыс күнін Оған бағыштауды сақтайтын бол! Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын. Сенің де Мысырда құл болғаныңды, Құдайың Жаратқан Иенің сені Өзінің алға созылған құдіретті қолымен сол елден алып шыққанын есіңнен шығарма! Сондықтан да Құдай Иең саған демалыс күнін сақтауды бұйырды. Сондай-ақ Мен өздеріңе өсиеттеген демалыс күндерін Маған бағыштайтын болыңдар! Олар Менің сендердің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді естеріңе салатын белгі болмақ».
Выбор основного перевода