Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің Бағал-Пеғорда не істегенін өз көздеріңмен көрдіңдер. Пеғорда Бағалға табынып кеткендеріңнің бәрін Құдай Иеміз халықтың арасынан аластатып, қырғынға ұшыратты емес пе?! Ал Құдай Иемізден берік ұстанған басқаларың бүгін аман-есен тірі жүрсіңдер. Міне, өздерің кіріп, иемденгелі тұрған елде орындауларың үшін мен сендерге Құдай Иемнің ережелері мен шешімдерін Оның маған бұйырғанына сай үйретіп келемін. Иә, соларды мұқият сақтап орындаңдар! Себебі осылайша басқа халықтар сендердің даналықтарың мен ақыл-парасаттарыңа көз жеткізіп, осы ережелер туралы естігенде қайран қалып: «Ойпыр-ай, осы үлкен халық неткен дана да парасатты ел еді!» — дейтін болады. Сендер елде үбірлі-шүбірлі болып, көп жыл тұрғанда азғындыққа салынсаңдар, әлдебір нәрсенің бейнесіне ұқсатып мүсін ойып жасап өз Құдайларың Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет етсеңдер, бұларыңмен Оның ашуын туғызатын боласыңдар. Ешуа халыққа тағы былай деді:— Ендеше Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оған шын жүректен, адалдықпен қызмет етіңдер! Ата-бабаларың Евфрат өзенінің арғы жағында және Мысырда табынған жалған тәңірлерді лақтырып тастап, олардан арылыңдар! Жалғыз Жаратқан Иеге ғана қызмет ететін болыңдар! Және Мен оларға былай дегенмін: «Әрқайсыларың көз қарашығындай сүйіп табынып келген жеркенішті мүсіндерді лақтырып тастаңдар! Бұдан былай өздеріңді Мысырдың жалған тәңірлерімен арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». Ата-бабаларың сияқты болмаңдар! Ежелгі пайғамбарлар оларға былай деп дауыстап ескертетін: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Зұлым жолдарыңнан қайтып, сұмдық істеріңді тастаңдар!» Алайда ата-бабаларың Маған құлақ салып, тыңдаудан бас тартты, — деп сақтандырады Жаратқан Ие. — Ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан азат болуларың үшін не төленгенін білесіңдер: күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес,
Выбор основного перевода