Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қазір өзің жат жұрттық ретінде тұрып жатқан бүкіл Қанахан елін саған және келер ұрпақтарыңа мәңгі иеленуге беремін. Мен ұрпақтарыңның да Құдайы боламын. «Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін: Әрбір саялы ағаш түбінде жалған тәңірлерге табынып, құштарлық отына өртенесіңдер. Сайлардағы жартастардың қуыстарында өз балаларыңды құрбандыққа қиясыңдар! Сол сайлардағы тегіс те жұмыр тастарды өздеріңе тәңір етіп таңдап алдыңдар. Сондықтан да сендерге қалатын үлес сол тастар болады. Оларға арнап сұйық тарту құйып, астықтан да сый-тарту ұсынасыңдар. Қалайша Мен осындай қылықтарыңа қарап қаһарымды басамын?! Сендер биік те салтанатты тау бастарына көтеріліп, сол жерлерге азғындық үшін төсектеріңді жайып, құрбандықтарыңды шалып та келесіңдер. Олар өздерінің жалған тәңірсымақтарына хош иісті заттарды түтеткен жерлерінде: құрбандық үстелдерінің араларында, әрбір биік төбе мен барлық тау бастарында, әрбір жапырағы жайқалған ағаш пен саялы еменнің астында өз адамдарының қырылып жатқанын көргенде Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады! Жаратқан Ие маған: «Ей, пендем, сен мұны көріп тұрсың ба? Олардың істеп жүрген жексұрын істері Яһуда халқына жай әншейін іс болып кеткендей ме? Соған қоса олар бүкіл елді зорлық-зомбылыққа толтырып, Менің қаһарымды бұрынғыдан бетер өршітіп келеді! Қарашы, олар Маған тіпті мұрындарын шүйіреді! Иә, солай болды. Мен өзің ішіп-жесін деп берген тағамдарым — таңдаулы бидай ұнын, зәйтүн майы мен балды сен оларға хош иісті тарту ретінде ұсындың!» — деп әшкерелейді Жаратушы Тәңір Ие.
Выбор основного перевода