Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Пендем, мына адамдар өз жүректерінің төріне жалған тәңірлерді орнатқандар. Сөйтіп, олар өздерін адастырып күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Ендеше олардың Менен ақыл сұрауларына жол беруім қажет пе? Оларға сый-тартуларыңды арнап, ұлдарыңды отқа өртеп құрбан еткен кездеріңде сендер өздеріңді осы күнге дейін сол жалған тәңірлеріңмен арамдап келесіңдер. Сонда Мені өздеріңе бұрынғыдай Өзімнен ақыл сұрауларыңа жол береді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, өз атыммен ант етемін, сендердің ақыл сұрауларыңа бұдан былай жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны өз атымен ант етеді. Көріпкелдер ұятқа қалып, бал ашатын сәуегейлер масқара болады. Құдайдан еш жауап болмағандықтан, олардың барлығы ауыздарын жауып үндемейді».
Выбор основного перевода