Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өздерің таңдап алған тәңірсымақтарыңа барып жүгініңдер! Бастарыңа пәле түскен кездеріңде солар құтқарсын! — Пайдасыз сый-тартуларыңды Маған бұдан былай ұсынбаңдар! Хош иісті зат түтетулеріңді де ұнатпаймын. Демалыс күндерін және Айдың бірінші күнгі мерекесін атап, діни жиындарда бас қосасыңдар. Ал сонымен қатар зұлымдықты жасай бересіңдер! Бұларыңа енді төзе алмаймын. Олар Мен өздеріне сыйлайтын балаларын көргенде, Жақыптың Киелі Құдайы деген қасиетті есімімді құрметтеп, Мені, Исраилдің Құдайын, терең қастерлейді. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Сендер әйелдеріңмен бірге «Аспан патшайымына арнап хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартулар ұсыну жайлы берген уәделерімізді міндетті түрде жүзеге асыра береміз!» деп сөзбен айтып, істеріңмен дәлелдедіңдер. Мейлі, сол уәделеріңді орындап, берген анттарыңды жүзеге асырыңдар! Алайда Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар, уа, Мысырда тұрып жатқан күллі яһудилер! Жаратқан Ие мынаны айтады: Өзімнің ұлы атыммен былай деп ант етемін: Бүкіл Мысыр еліндегі бірде-бір яһудалық адам енді қайтып Менің атымды атап не мінажат етпейтін, не «мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Иенің атымен» ант бермейтін болады! Оның үстіне, Маған мынаны да істеді: сол күні олар Менің киелі орнымды арамдап, демалыс күніме қатысты ережелерімді бұзып, бұл күннің қасиеттілігін құрметтемей, оны арамдады. Олар өз ұлдарын жалған тәңірлеріне арнап құрбан қылған күні-ақ Менің киелі үйіме келіп, оны арамдады. Біліп қой, олар Менің киелі үйімде осылай істеген! «Мейлі, Бетелге барып, күнәға батыңдар, Ғылғалға да барып, қылмыстарыңды одан бетер көбейтіңдер. Таң атқан сайын сонда құрбандықтарыңды шалып ұсынып, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін әр үш жыл сайын апарып отырыңдар.
Выбор основного перевода