Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар тіпті өз ұл-қыздарын отқа өртеп құрбан етіп, балгерлікпен және сиқыршылықпен де айналысты. Осылай исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге салынып, Оның қаһарын туғызды. Ахаз Бен-Хенном аңғарында жалған тәңірлерге арнап құрбандықтар шалып, өртеп, тіпті өз ұлдарын құрбандыққа өртеп жіберді. Осылайша ол Жаратқан Ие ежелде Исраил халқының алдынан елден қуып шыққан халықтардың жексұрын күнәларын қайталады. Сонымен қатар олар Бен-Хенном аңғарында Бағалға арнап табыну орындарын салып, сол жерде өз ұлдары мен қыздарын жалған тәңір Молохқа арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен халқыма ешқашан бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. Олардың сондай жиренішті нәрсені істеп, Яһуда елін күнәға батырғаны-ай! Өліктерің табыну орындарыңда үйіліп жатады. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар! «Осы азғындығың аз болғандай, Маған туып берген ұл-қыздарыңды жалған тәңірлерге «тамақ» болсын деп құрбан етіп отқа өртеп жібердің. Осылайша сен Менің өзіңе сыйлаған балаларымды өлтіріп, оларды жалған тәңірлерге қидың! Оларға сый-тартуларыңды арнап, ұлдарыңды отқа өртеп құрбан еткен кездеріңде сендер өздеріңді осы күнге дейін сол жалған тәңірлеріңмен арамдап келесіңдер. Сонда Мені өздеріңе бұрынғыдай Өзімнен ақыл сұрауларыңа жол береді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, өз атыммен ант етемін, сендердің ақыл сұрауларыңа бұдан былай жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны өз атымен ант етеді.
Выбор основного перевода