Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол уақыт келгенде Ассур мен Мысырға айдалып, құрып кете жаздаған исраилдіктерді кері шақыру үшін үлкен керней тартылады. Сонда олар қайтып келіп, Иерусалимдегі қасиетті Сион тауында Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат ететін болады. онда Мен, Жаратқан Ие, олардың Өзіме бағышталған қасиетті Сион тауына келулеріне жол беремін. Маған сиынуға арналған ғибадатханада оларды қуанышқа кенелтемін. Сол басқа ұлттық сенушілердің Өзімнің құрбандық үстелімде шалып, өртеген құрбандықтарына және өзге де сый-тартуларына риза боламын. Себебі Менің киелі үйім барлық ұлттар мінажат ететін үй деп аталатын болады». (Жасаған Ие былай дейді:) «Қидар тайпасы саған отар-отар қой-ешкілерін айдап әкеліп, Набайоттың адамдары да саған қошқарларын ұсынады. Сол малдар шалынып, құрбандық үстелімде өртелгенде Маған ұнамды болады. Мен сәулетті ғибадатханамды қайтадан нұрлы салтанатыма кенелтемін. Мен өркенді Исраилдің биік тауының басына отырғызғаннан кейін ол бұтақ жайып, жеміс беріп, зәулім самырсынға айналады. Әр түрлі құстар оған ұяларын салып, оның бұтақтарының саясын паналайтын болады. Мен оларды сол елде, Исраилдің тауларында, бір халық қыламын. Барлығының үстінен бір патша болады. Бұдан былай олар не екі халық, не екі патшалық болып бөлінбейді. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен енді Жақыптың үрім-бұтағын жер аударылып кеткен жағынан алып келіп, қолды болған мал-мүлкін қалпына келтіріп, бүкіл Исраил халқына мейірімімді түсіремін. Сөйтіп Өзімнің қасиетті есімімді қайрат-жігермен қорғаймын. Кейінгі заманда Жаратқан ИеніңКиелі үйі тұрған Сион тауыБастысы болады бар тау-төбелердің,Бәрінен де оның атақ-даңқыӘлдеқайда жоғары болып қалады.Сонда халықтардың адамдарыСоған қарай ағылатын болады. Көптеген халықтар мен күшті ұлттар Әлемнің Әміршісі Жаратқан Иеге сиынып рақым етуін өтіну үшін Иерусалимге келетін болады». Сонда Иерусалимге қарсы келген халықтардан тірі қалғандары енді жыл сайын Патшаға, Әлемнің Иесіне, ғибадат етіп, Күркелер мейрамын тойлауға келетін болады. Осылайша Яһуда мен Иерусалимнің халқы әкелген сый-тартулар баяғы күндер мен ежелгі жылдардағыдай Жаратқан Иеге ұнамды болады.
Выбор основного перевода