Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Отарлар мен табындардың он бөлігінің бірі де Жаратқан Иеге тиесілі. Малын санаған малшының асатаяғының астынан өткен әр он малдың біреуі Жаратқан Иеге бағышталуға тиіс. Сол кезде таулы аймақтың қалаларында, батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағында, Буняминнің жері мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдарда және Яһуданың қалаларында қайтадан отар-отар ұсақ малдар өсіп-өніп, оларды санайтын шопандардың қол астынан өтетін болады. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. Жас кезінен Тәңірге мойынсұнып жүргеніАдам баласы үшін сондай игілікті! Оңашада отырсын ол тыныштықпен,Өйткені Жаратқан Ие соны оған жүктеген. Тәңірге бағынып жерге дейін бас исін,Әлі де үміт бар шығар сол адам үшін, Өзін соққан жауға бетін ұсынсын,Соның көрсеткен көп қорлығына көнсін. Өйткені өз халқын Жаратқан ИеӨзінен аластатпайды мәңгілікке. Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді,Соншалықты зор Оның берік мейірімі! Сонда сен жүрген жолдарыңды есіңе түсіріп, ұялатын боласың. Мен әпке-сіңліңді алып, саған қыздарың ретінде беремін. Бірақ мұны өзіңмен жасаған Келісімімнің негізінде жасамаймын. Енді не қалайсыңдар? Сендерге таяқпен келейін бе, әлде сүйіспеншілік пен ілтипаттылық рухымен бе?
Выбор основного перевода