Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өз ұл-қыздарын жын-перілерге арнады:Құрбандыққа шалып, ешбір аямады! Кінәсіз жандардың олар төкті қанын,Қанаханның пұттарына өз ұл-қыздарынҚұрбандыққа шалып, олардың қанын ұсынды,Сол қанмен Қанахан елін арамдады. Осындай істерімен халық өзін қорлады,Қасиетті Келісімге сатқындық жасады. әрі Бен-Хенном аңғарында Топет деген табыну орындарын салып, сол жерлерде ұлдары мен қыздарын жалған тәңірге арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен оларға бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. «Пендем, мына адамдар өз жүректерінің төріне жалған тәңірлерді орнатқандар. Сөйтіп, олар өздерін адастырып күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Ендеше олардың Менен ақыл сұрауларына жол беруім қажет пе? «Осы азғындығың аз болғандай, Маған туып берген ұл-қыздарыңды жалған тәңірлерге «тамақ» болсын деп құрбан етіп отқа өртеп жібердің. Осылайша сен Менің өзіңе сыйлаған балаларымды өлтіріп, оларды жалған тәңірлерге қидың!
Выбор основного перевода