Сол күні жау Исраилдің үстінен буырқанып долданған теңіздей ақырады. Пенде жағаға қарап, қара түнек пен азапты көреді. Қараңғы бұлттар жарықты жауып тастағандай, әркімнің де күдері үзіледі.
Мидиялықтар садақтарымен жас жігіттерді жайпап салып, құрсақтағы сәбилерге де қайырымсыздық танытып, балаларды да аямайды.