Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Табын-отар малының май-сүтімен,Бордақы тоқты-лақтың етіменен,Башанның ең қоңды қошқарларыменТойдырады, әрі үздік астық дәнімен. әрі Самарияның қыраттарында қайтадан жүзімдіктер отырғызасыңдар. Соларды отырғызғандар жемісінің қызығын көретін болады. Жаратқан Иенің мына сөзін тыңдаңдар, ей, халықтар! Теңіз жағалауларына да оны жариялаңдар: Исраилді шашыратқан Құдайы оны қайтадан жинап алады! Малшының отарын баққанындай, Ол да халқын солай бағып қорғайтын болады. Әлемнің Иесі тағы мынаны да айтады: Адамы да, малы да жоқ мына қаңырап бос қалған жерде: оның барлық қалаларының маңайында қайтадан жайылымдар болып, онда бақташылар малдарын бағып жүреді. Сонда халқымды өзге халықтардың арасынан қайтарып алып шығып, бөтен елдерден жинап аламын да, еліне алып келемін. Сонда халқымды Исраилдің қыратты жерінде, оның бұлақтарының маңында және елдің күллі қоныстанған аудандарында бағамын. Мен оларды Исраилдің биік тау-төбелеріндегі құнарлы жайылымдарда жайып жүремін. Сонда олар шұрайлы өрістерде оттап тынығып, Исраилдің қырат-қырқаларындағы шөбі шүйгін жайлауларда жайылып жүреді. «Халқыңды, өз үлесіңе тиген отарыңды, асатаяғыңмен бақ, уа, Ием. Олар ну орманда әрі құнарлы егістіктерде тұрады. Өткен замандағыдай, олар Башан мен Ғилақадтың жайлауларында оттасын».
Выбор основного перевода